Елена Рыбакина Лондон турнирінің жартылай финалынан тыс қалды

Фото: ҚТФ

АСТАНА. KAZINFORM Қазақстанның бірінші, әлемнің 11-ракеткасы Елена Рыбакина Лондон WTA 500 турнирінің жартылай финалына шыға алмады.

Қазақстандық теннисші ширек финалда әлемдік рейтингіде 86-орындағы германиялық Татьяна Мариямен шеберлік байқасты.

Осыған дейін қарсыластар бір рет кездесіп, онда Рыбакина ұтқан еді.

Бұл жолы бірінші партияда германиялық спортшы 6:4 есебімен басым түсті.

Екінші сетте Мария тай-брейкте жеңісті жұлып алды — 7:6 (7:4).

Бір сағат 45 минутқа созылған бәсекеде Рыбакина 9 эйс жасап, 12 брейк-пойнттың тек қана екеуін пайдаланды. Мария 8 эйс, 3 брейкпен (5 брейк-пойнт) көзге түсті.

Татьяна Мария финалға шығу үшін әлемнің 8-ракеткасы, америкалық Мэдисон Кизбен таласады. Ол әлемнің 12-ракеткасы, ресейлік Диана Шнайдерден айласын асырды — 2:6, 6:3, 6:4.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Александр Шевченконың Братислава турнирінің жартылай финалына шыққанын жазған болатынбыз