Елена Рыбакина Торонто турнирінде өткен жылғы нәтижесін қайталай ала ма

АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстанның бірінші, әлемнің 2-ракеткасы Елена Рыбакинаның Торонто (Канада) WTA 1000 турниріндегі алғашқы қарсыласы анықталды.

Фото: ktf.kz

Айтулы доданы екінші айналымнан бастайтын Е.Рыбакина әлемдік рейтингіде 61-орында тұрған аустралиялық Дарья Касаткинамен кездеседі.

Аустралиялық спортшы алғашқы айналымда тартысты матчта әлемнің 42-ракеткасы, қытайлық Ван Синьюйді камбэкпен жеңді – 1:6, 7:6 (7:5), 7:5. 

Уимблдондағы сәтсіздіктен кейін тынығып алған Е.Рыбакина Канадада кортқа шықпақшы. 2025 жылы ол Торонтода, одан кейін Цинциннатидағы дәл осындай жарыста жартылай финалға дейін жеткен еді.

Рыбакина үшін аталған қос дода нағыз сынақ болғалы тұр. Өйткені өткен жылғы ұпайын қорғау үшін оған биыл жартылай финалға дейін жетуге тура келеді. 

Тағы бір қазақстандық теннисші, рейтингіде 81-орындағы Юлия Путинцева Торонтода бастапқы кездесуінде-ақ әлемнің 57-ракеткасы, қытайлық Чжан Шуайдан ойсырай ұтылды – 4:6, 1:6. 

Торонто турнирінің жүлде қоры 7,4 млн АҚШ долларынан асады. 

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Жібек Құламбаева Испаниядағы турнирде топ жарғанын жазған едік.