1/8 финалда Рыбакина ресейлік Людмила Самсоновамен (55-орын) кездеседі. Самсонова үшінші айналымда австралиялық Майя Джойнтты (75-орын) 7:5, 6:7, 6:2 есебімен жеңді.
Елена Рыбакинаның Canadian Open-2026 турниріндегі өнеріне келсек, ол екінші айналымда австралиялық Дарья Касаткинаны (61-орын) 6:3, 5:7, 6:4 есебімен ұтты. Ал үшінші айналымда америкалық Энн Лиді (31-орын) 6:2, 7:5 есебімен жеңді. Бұл қос спортшының өзара алғашқы кездесуі еді.
Айта кетейік, бұған дейін Елена Рыбакинаның қай турнирлерде бақ сынайтыны белгілі болды.