Қазақстандық теннисші үшінші айналымда әлемнің 41-ракеткасы, Польша өкілі Магдалена Френхқа тап келді.
Қарсыластар бұған дейін өзара үш рет кездесіп, бәрінде Рыбакина басым түскен еді.
Бұл жолы М.Френх ойынды брейкпен бастағанымен, Елена сол бойда таразы басын теңестірді — 2:2. Есеп 5:4 болғанда, матч жаңбырға байланысты тоқтатылып, кейін қайта жалғасты. Бұдан соң Рыбакина сетті брейкпен тәмамдады — 6:4.
Екінші партияда есеп 4:3 болған мезетте тағы жаңбыр жауып, бәсеке кейінге қалдырылды. Дегенмен кейінірек тай-брейкте Елена жеңіспен аяқтай білді — 7:6 (7:2).
Екі сағатқа жуық уақытқа созылған кездесуде Рыбакина 5 эйспен бірге 17 брейк-пойнттың үшеуін пайдаланды. Френх 5 эйс, 2 брейкпен (7 брейк-пойнт) көзге түсті.
Елена Рыбакина ширек финалға шығу үшін әлемнің 14-ракеткасы, ресейлік Диана Шнайдер немесе рейтингіде 23-орындағы поляк қызы Майя Хвалиньсканың қай жеңгенімен таласады.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Елена Рыбакинаның WTA чемпиондық кестесінде көш бастағанын жазған едік.