Әлемдік рейтингте екінші орында тұрған Рыбакина 1/8 финалда Жапония өкілі, әлемнің 13-ракеткасы Наоми Осакамен кездесіп, оны екі сетте 6:1, 6:4 есебімен жеңді.
Осыған дейін турнир барысында қазақстандық спортшы америкалық Тея Фродинді 6:3, 6:2, испаниялық Джессика Бусас Манейроны 6:2, 6:4 және украиналық Юлия Стародубцеваны 7:6, 6:3 есебімен ұтқан.
Рыбакинаның US Open-дегі бұған дейінгі ең үздік нәтижесі 1/8 финал болатын. Енді қазақстандық теннисші мансабында алғаш рет турнирдің ширек финалында ойнайды.
Биылғы US Open жеңімпазы 5,5 млн АҚШ доллары көлеміндегі жүлдеге және 2000 рейтингтік ұпайға ие болады.
Айта кетейік, Қазақстанның бірінші, әлемнің 2-ракеткасы Елена Рыбакина АҚШ ашық чемпионатының төртінші айналымына шыққан болатын.