Қазақстандық теннисші, әлемнің төртінші ракеткасы Елена Рыбакина Канкун қаласына (Мексика) келді. Онда бірер күннен кейін WTA турнирінің финалдық кезеңі басталады, деп хабарлайды Kazinform агенттігі Sports.kz сайтына сілтеме жасап.
Канкунде Елена кортқа шығып, алғашқы жаттығуын өткізіп те үлгерді.
WTA турнирінің ақтық кезеңі 29 қазан мен 5 қараша аралығында өтеді. Рыбакина аталмыш жарысқа жолдама алған Қазақстанның бірінші өкілі болды.
Елена Рыбакина үшін осы уақытқа дейінгі соңғы турнир Бейжіңде өткен China Open турнирі болды, ол онда жартылай финалға шыққан болатын.
Еркежан Смағұлова
2008 жылы Ш. Құдайбердіұлы атындағы СМУ-дың журналистика факультетін бітірген. Еңбек жолын облыстық «Семей таңы» газетінен бастаған. 2018 жылдан бастап Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінде аудармашы.