Әлемнің төртінші ракеткасы, қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Аделаидада (Аустралия) өтетін Adelaide International 2024 турнирі жайында пікір білдірді. Kazinform бұл туралы Sports.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Аталмыш турнир қаңтардың 8-і мен 13-і аралығында өтеді және Australian Open маусымының алғашқы мэйджері қарсаңындағы WTA 500 санатындағы соңғы жарыс болмақ.
- Мен Аделаидаға оралуды асыға күтемін. Онда ойыншылар үшін барлық жағдай жасалған. Аделаида теннисшілерге турнирде қалай жоғары өнер көрсетуге ынталандыруды біледі, - деп ағынан жарылды Елена Рыбакина.
Еркежан Смағұлова
2008 жылы Ш. Құдайбердіұлы атындағы СМУ-дың журналистика факультетін бітірген. Еңбек жолын облыстық «Семей таңы» газетінен бастаған. 2018 жылдан бастап Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінде аудармашы.