АСТАНА. KAZINFORM – Қазақстанның бірінші, әлемнің 5-ракеткасы Елена Рыбакина 2-9 қарашада Эр-Риядта (Сауд Арабиясы) өтетін WTA қорытынды турниріне қатысады.
Сhampionat.com сайтынан алынған мәліметке қарағанда, Елена Рыбакинаның Эр-Рияд қаласына ұшып шыққаны жөнінде теннисшінің физиотерапевті Стефан Дуэлл әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлаған.
С.Дуэлл ұшақта бірге отырған суреттерін жариялаған.
Рыбакина бұған дейін кортқа тамыз айында АҚШ ашық чемпионатында шыққан еді. Содан кейін Сеул, Бейжің және Ухань жарыстарына қатысудан бас тартты.
Кейінгі кезде теннисші Дубайда жаттықты.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Юлия Путинцеваның әлемдік рейтингінің үздік көрсеткішіне жақындағанын жазған болатынбыз.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).