Елена Рыбакинаның 2023 жылғы табысы жарияланды

«Teннисология» телеграм-арнасы әлемнің ең үздік он теннисшісінің, оның ішінде қазақстандық Елена Рыбакинаның бір жылдағы табысын жариялады. Kazinform агенттігі бұл туралы Sports.kz порталына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: sports.kz

Рыбакинаның табысы жыл қорытындысы бойынша төртінші орыннан көрінді. Елена жыл ішінде 4,6 млн доллар (шамамен 2 млрд 200 млн теңге) табыс тапты.

Жылдағы табысы ең жоғары он теннисшінің тізімі:

1. Арина Сабаленко – 7,3 млн доллар;
2. Коко Гауфф – 5,5 млн доллар;
3. Ига Швентек – 5,4 млн доллар;
4. Елена Рыбакина – 4,6 млн доллар;
5. Маркета Вондроушова – 4,2 млн доллар;
6. Джессика Пегула – 4,1 млн доллар;
7. Каролина Мухова – 2,8 млн доллар;
8. Oнс Жабер – 2,7 млн доллар;
9. Петра Квитова – 2,4 млн доллар;
10. Мэдисон Киз – 2,3 млн доллар.