Беделді Tennis.com сайты 2023 жылдың үздік кездесулер тізімін жариялады. Үздік кездесулер қатарында Елена Рыбакинаның матчы да бар. Kazinform бұл туралы Olympic.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Елена Рыбакина Монреалдағы турнирдің ширек финалында ресейлік Дарья Касаткинамен кездескен болатын.
Аталған матч 5:7, 7:5, 7:6 (10:8) есебімен қазақстандық теннисшінің пайдасына аяқталды.
2023 жылғы ең үздік матчтардың көшін Уимблдон финалында кездескен Карлос Алькарас пен Новак Джокович матчы бастап тұр.
Эльмира Оралбаева
Абай атындағы қазақ ұлттық педагогикалық университетінің түлегі. 2023 жылдан бастап Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінде шығарушы редактор қызметін атқарып келеді.