АСТАНА. ҚазАқпарат – Қазақстанның бірінші ракеткасы әлемдік рейтингіде рекордтық орынға көтерілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Әйелдер теннисі қауымдастығы (WTA) жаңартылған рейтингті жария етті.
Елена Рыбакина 7-ден алтыншы сатыға жоғарылады. Бұған дейін Қазақстан теннисі тарихында жекелей сында ешкім мұндай нәтижеге қол жеткізіп көрген емес.
Юлия Путинцева 51-орнында қалса, Анна Данилина жұптық сында 26-сатыға қайта оралды.
WTA-ның 8 мамырдағы рейтингісі:
6 ( 1). Елена Рыбакина (Қазақстан) – 4195,
51 (0). Юлия Путинцева (Қазақстан) – 1016,
435 (-9). Жібек Құламбаева (Қазақстан) – 111,
496( 16). Гөзал Айнитдинова (Қазақстан) – 93,
574. (-25). Анна Данилина (Қазақстан) – 66,
1146 (-32). Аружан Сағындықова (Қазақстан) – 9.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын теннистен әлем чемпионаты іріктеу турнирінде Қазақстан жасөспірімдерінің қарсыласы анықталғанын жазған болатынбыз.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).