АСТАНА. ҚазАқпарат – Әйелдер теннисі қауымдастығы (WTA) жаңартылған рейтингіні жария етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қазақстанның үздік теннисшісі Елена Рыбакина 22-ден 21-орынға көтерілді.
Сөйтіп ол ТОП-20 теннисшінің қатарына жуықтады.
Тағы бір қазақстандық Юлия Путинцева 51-орнын сақтап қалды.
Жібек Құламбаева 441-ден 444-ке сырғыды.
Әлемдік рейтингіде үздік үштікте ешқандай өзгеріс жоқ: Ига Швентек (Польша), Онс Жабер (Тунис) және Джессика Пегула (АҚШ).
Қазақстанның жұптық сындағы бірінші ракеткасы Анна Данилина бұрынғыша 11-сатыда тұр.
Жұптық сында ТОП-3 те өзгеріссіз: Катерина Синякова (Чехия), Вероника Кудерметова (Ресей) және Барбора Крейчикова (Чехия).
Еске сала кетейік, бұдан бұрын қазақстандық жас теннисшілердің Астанада өткен турнирдің чемпионы атанғанын жазған болатынбыз.
Фото: sports.kz
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).