АСТАНА. ҚазАқпарат – Әйелдер теннисі қауымдастығы (WTA) жаңартылған рейтингіні жария етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қазақстан теннис федерациясының баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, еліміздің көшбасшы ойыншысы Елена Рыбакина бұрынғыша жетінші орында келеді.
WTA чемпиондық кестесінде Елена екінші сатыда тұр.
Әлемдік рейтингіде Юлия Путинцева 47-ден 45-ке көтерілді.
Жұптық сында Қазақстанның бірінші ракеткасы Анна Данилина 26-орнын сақтап қалса, Жанель Рүстемова 972-сатыға шықты.
WTA рейтингісі. 10 сәуірдегі нәтиже мынадай:
7 (0). Елена Рыбакина (Қазақстан) – 4305,
45 ( 2). Юлия Путинцева (Қазақстан) – 1235,
427 ( 14). Жібек Құламбаева (Қазақстан) – 112,
463(-10). Гөзал Айнитдинова (Қазақстан) – 96,
1111 ( 24). Аружан Сағындықова (Қазақстан) – 10.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын қазақстандық теннисшілердің Хьюстондағы турнирдің финалына шыға алмағанын жазған болатынбыз.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).