Рыбакина мен Остапенко бұған дейін бір-бірімен төрт рет ойнап, әзірге ең кім мықтыны анықтай алмай келеді – екі теннисші де екі реттен жеңіске жеткен, есеп - 2:2. Алайда Рыбакинаның соңғы екі матчта жеңіске жеткенін атап өткен жөн. Оның екеуі де биыл болды: ол алдымен Australian Open-де – 6:2, 6:4, содан кейін – Римдегі «Мастерсте» 6:2, 6:4 есебімен ұтқан.
Остапенконың жетістіктеріне келетін болсақ, ол қазақстандық теннисшіден 2019 жылы Линцте 7:5, 6:1 және 2021 жылы Истборнда 6:4, 6:1 есебімен басым түскен болатын. Осылайша, Елена Рыбакина мен Елена Остапенко кездесуінің жеңімпазы 16 тамыз күні анықталады.