Елена Рыбакина Дубайда әлемнің бірінші ракеткасын қапы қалдырды

Фото:
АСТАНА. ҚазАқпарат – Қазақстандық Елена Рыбакина Дубайда (БАӘ) өтіп жатқан World Tennis League командалық турнирінің финалында әлемнің бірінші ракеткасы, Польша өкілі Ига Свентекпен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Е.Рыбакина қарсыласынан 6:3, 6:1 есебімен басым түсті.

Бір сағатқа созылған кездесуде Е.Рыбакина 3 эйс жасап, 8 брейк-пойнттың бесеуін пайдаланды.

Осылайша, Е.Рыбакина өнер көрсететін «Хоукс» («Қаршығалар») командасы «Кайтспен» («Әуе жыландары») бәсекеде 11:4 есебімен алға кетті.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Елена Рыбакинаның «Алтын адам» сыйлығының лауреаты атанғанын жазған болатынбыз.

Елена Рыбакина Дубайда екінші жеңісіне қол жеткізді.

Елена Рыбакина Дубайда әлемнің төртінші ракеткасын жеңді.

Фото: Қазақстан теннис федерациясы