АСТАНА. ҚазАқпарат – Қазақстанның бірінші, әлемнің 3-ракеткасы Елена Рыбакина эйс жасау жөнінен әлемде жекедара көш бастап келеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
WTA кестесінен мәлім болғанындай, биылғы маусымда Елена Рыбакина 44 матчта 349 эйс жасап үлгерді.
Франциялық Каролин Гарсия 42 матчта 305 эйс жасаса, белоруссиялық Арина Соболенко (48, 275) үздік үштікті түйіндеп тұр.
Ресейліктер Вероника Кудерметова (39, 206), Людмила Самсонова (32, 197) төртінші, бесінші сатыда.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Юлия Путинцеваның Будапеште жеңіліп қалғанын жазған едік.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).