АСТАНА. ҚазАқпарат – Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина АҚШ-тағы тағы бір ірі жарыс – Майами WTA 1000 турнирінде өнер көрсетеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қазіргі кезде іріктеу сайыстары болып жатқан, жүлде қоры 8,8 млн АҚШ долларына бағаланған мастерс додасы 21 наурыз – 2 сәуір аралығында өтеді.
Жарыстың 10-ракеткасы болып тіркелген Е.Рыбакина екінші айналымнан бастайды. Ол әлемнің 60-ракеткасы, ресейлік Анна Калинская немесе рейтингте 194-орында тұрған Андорра өкілі Виктория Хименес Касинцеваның біреуімен кездеседі.
Тағы бір қазақстандық, әлемнің 42-ракеткасы Юлия Путинцева алғашқы айналымда рейтингте 75-сатыдағы канадалық Ребекка Мариномен шеберлік байқасады.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын қазақстандық жас теннисшінің Үндістанда өткен жарыстың жеңімпазы атанғанын жазған болатынбыз.
Сондай-ақ Елена Рыбакина алғаш рет Индиан-Уэллс мастерс турнирінің чемпионы атанды.
Рыбакина Индиан-Уэллс мастерс турнирінен қанша табыс тапты.
Елена Рыбакина әлемдік рейтингіде рекордты орынға көтерілді.
Елена Рыбакина Индиан-Уэллс турниріне қайта оралатынын айтты.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).