АСТАНА. ҚазАқпарат – Қазақстанның көшбасшы ойыншысы Елена Рыбакина ресми түрде әлемнің үшінші ракеткасы атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Әйелдер теннисі қауымдастығы (WTA) жаңартылған рейтингті жария етті.
Елена Рыбакина 4-тен үшінші орынға көтерілді. Бұл – рекордтық нәтиже. Осыған дейін қазақстандық теннисшілер әлемдік рейтингте мұндай сатыға көтерілген емес.
Е.Рыбакинаның алдында Польша өкілі Ига Швентек пен белоруссиялық Арина Соболенко тұр.
Сондай-ақ Юлия Путинцева 58-ден 51-сатыға жоғарылады.
Жұптық сында чехиялықтар Катерина Синякова мен Барбора Крейчикова, америкалық Джессика Пегула үздік үштікте тұрса, Қазақстанның бірінші ракеткасы Анна Данилина 25-тен 24-ке шықты.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Ига Швентектің Ролан Гаррос турнирінің чемпионы атанғанын жазған болатынбыз.
Сондай-ақ Новак Джокович «Үлкен дулыға» турнирін 23 рет ұтып, рекорд орнатты.
Михаил Кукушкин АҚШ-тағы турнирдің финалында ұтылып қалды.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).