АСТАНА. ҚазАқпарат – Қазақстанның бірінші, әлемнің 4-ракеткасы Елена Рыбакина Ролан Гаррос турнирінің матчына неге шықпағанын түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қазақстандық теннисші үшінші айналымда дүниежүзілік рейтингте 132-орында тұрған испаниялық Сара Соррибес-Тормомен ойнауы керек еді.
«Кеше қызуым көтеріліп, өзімді жайсыз сезіндім. Бүгін де солай. Мұндай кезде ойнау ауыр. Мен 100 пайыз дайын емеспін. Қызу, бас ауруы әрі нашар ұйықтадым. Мұның белгілерін екінші айналымнан кейін сезіне бастадым. Сөйтіп жолым болмады. Көгал төсенішінде өтетін маусымға дейін қалпыма келуге тырысамын», деді арнайы баспасөз мәслихатында Е.Рыбакина.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Ролан Гарроста Қазақстан теннисші қыздары үздік үштікке енгенін жазған едік.
Юлия Путинцева Ролан Гаррос турнирінде АҚШ чемпионына жол берді.
Теннисші Бейбіт Жұқаев АҚШ-тағы жарыстың жартылай финалына өтті.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).