АСТАНА. ҚазАқпарат – Қазақстанның бірінші, әлемнің 4-ракеткасы Елена Рыбакина Ролан Гаррос турнирінде киген киімімен ерекшеленді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Ресейлік «Чемпионат» порталы Елена Рыбакинаны ең әдемі киінген теннисшілер қатарына қосты.
«Елена Рыбакинаның киімі бөлекше: ол Аdidas-тан Yonex фирмасына көшіп, мұны әдемі жасады. Теннисшінің жанкүйерлері оны алқызыл кофта мен қою-көк түсті шорти киген түрінде көрді» деп жазды аталмыш портал.
Елена Рыбакина сырқаттанып қалуына байланысты үшінші айналымда испаниялық Сара Соррибес-Тормомен ойынға шықпаған болатын.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Елена Рыбакинаның Ролан Гаррос матчына неге шықпағанын түсіндіргенін жазған едік.
Ролан Гаррос турнирінде қазақстандықтар жарыс жолынан шығып қалды.
Бейбіт Жұқаев АҚШ-тағы челленджер турнирінің финалына шықты.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).