Елена Рыбакина Сан-Диегода өтетін турнирге қатыспайтын болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Уимблдон-2022 чемпионы, әлемнің 26-шы нөмірлі теннисшісі Елена Рыбакина Сан-Диегодағы (АҚШ) WTA-500 санатынан алынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz сайтына сілтеме жасап.

Бірінші айналымдағы кездесуде ол екі Үлкен дулыға турнирінің чемпионы испандық Гарбинье Мугурусамен шығуы керек еді. Енді Рыбакинаның орнына Қытай өкілі Чжэн Цинвэн шығады.

Сан-Диегодағы турнирдің жүлде қоры 757 900 долларды құрады. Жарыстың алдын әлемнің бірінші ракеткасы, польшалық Ига Свентек бастады.

Бұған дейін Рыбакина Остравада (Чехия) WTA-500 санатындағы турнирде өнер көрсеткен. Елена жартылай финалға шығып, чех чемпионы Барбора Крейчиковадан 6:3, 6:7 (4:7), 4:6 есебімен жеңіліп қалды.

Рыбакина осы маусымда Гвадалахарада (Мексика) өтетін соңғы WTA-1000 турниріне қатысатыны белгілі болды.


Фото: championat.com