НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстанның бірінші, әлемнің 25-ракеткасы Елена Рыбакина Порторож (Словения) WTA 250 турнирінің жартылай финалына шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Осы жарыстың 3-ракеткасы болып тіркелген қазақстандық теннисші ширек финалда дүниежүзілік рейтингте 92-орында тұрған украиналық Леся Цуренкомен кездесуі керек еді.
Алайда қарсыласы матчқа шыққан жоқ.
Осылайша, Е.Рыбакина ойнамастан жартылай финалға өтті.
Елена Рыбакина доданың финалына шығу үшін әлемнің 18-інші, жарыстың 2-ракеткасы, бразилиялық Беатрис Хаддад Майя немесе рейтингте 65-сатыдағы румыниялық Ана Богданның біреуімен таласады.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Елена Рыбакинаның Словениядағы жарыстың ширек финалына шыққанын жазған болатынбыз.
Сондай-ақ теннистен Дэвис кубогында Қазақстан құрамасы екінші матчын АҚШ командасына жол берді.
Фото: ktf.kz
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).