«Мықты ойыншылар жеткілікті. Олардың көбімен өткен матч маған ауыр тиді. Жыл басынан берілмейтін қарсыласымның бірі Арина Соболенко шығар. Ойын оңайға түспейтін, бірақ жеңгің келетін ойыншылар көп. Крейчикова өте мықты ойыншы, қазір Унс Джабир тенниске қайта оралып, турнирде жеңіске жетті. Одан бөлек, Ига Святок бар. Қарсыластар жеткілікті, жұмыс істеу керек», - деді Елена Рыбакина сұхбат барысында.
Айта кетейік, бүгін Мемлекет басшысы Елена Рыбакинаны қабылдады.
Сондай-ақ, спортшы елордада «Билли Джин Кинг» кубогіне орай өткен баспасөз мәслихатында әр жеңістің оңайға соқпайтынын айтқан еді.
Одан бөлек, қазақстандық теннисші отандық жанкүйерлердің қолдауына разылығын білдіріпі, дем беретінінін мәлім етті.
«Қазақстанда алғаш ойнағанда корттағы атмосфера мен қолдау өте жоғары, мен күтпеген қолдау болды. Ол менің үйдегі алғашқы матчым еді. Енді тәжірибе бар, корттағы ойын оңайырақ болады. Әрине, жанкүйерлер матчтарда менің өте сабырлы екеніме қарамастан, жоғары деңгейде қолдап, дем береді. Жанкүйерлердің қолдауы қиын сәттерде көмектеседі және қолдауды қабылдауға әрқашан қуаныштымын», - деді Елена Рыбакина БАҚ өкілдерінің сауалына жауап бере отырып.