Үздік үштік өзгеріссіз қалды. Поляк ракеткасы Ига Свентек көш бастаса, екінші орында тунистік Онс Жабер, үшінші орында эстон теннисшісі – Анетт Контавейт.
Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина 26-шы орында қалды. Юлия Путинцева бұрынғыша 47-ші орында.
Жұптық жарыста чех спортшылары Катерина Синякова мен Барбора Крейчикова, сондай-ақ бельгиялық Элиза Мертенс – ең мықты теннисшілер. Қазақстандық Анна Данилина 21-орынды сақтап қалды. Рыбакина үш позицияға төмен түсіп, 102-ші болды.