Қазақстандық теннисші ресейлік Анастасия Павлюченковамен бірге үшінші айналымда осы Франция ашық чемпионатының 3-ракеткалары, америкалық Николь Меличар – нидерландылық Деми Схюрспен күш сынасты.
Бірінші партия барысында америкалық-жұп 4:3 есебімен алға кеткенімен, бұдан кейін Е.Рыбакина мен А.Павлюченкова брейк жасап, таразы басын теңестірді. Сосын сетті тағы бір брейкпен түйіндеді – 6:4.
Екінші сетте есеп 3:2 болған мезетте қазақстандық-ресейлік жұп брейк жасай алды – 4:2. Ақыры Елена Рыбакина матчқа допты жақсы берді – 6:3.
Бәсеке 1 сағат 20 минутқа созылды.
Қазақстандық-ресейлік жұп жартылай финалға өту үшін Польша өкілі Магда Линетт – америкалық Бернарда Перамен шеберлік байқасады.
Сондай-ақ ертең Е.Рыбакина мен А.Павлюченкова жекелей сында «Ролан Гаррос» турнирінің жартылай финалына шығу үшін таласатын болады.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Е.Рыбакинаның «Үлкен дулыға» турнирінің 23 дүркін чемпионы Серена Уильямсті ұтып, ширек финалға шыққанын, Тимофей Скатовтың Алматы жарысын жеңіспен бастағанын жазған болатынбыз.