Боксшының менеджері Зия Әлиевтің айтуынша, ол соңғы спаррингті сенбі күні өткізген.
«Данияр өзін жақсы сезініп жүр. Соңғы спарринг сенбі күні болды. Біз дайындықты аяқтадық. Даниярды жекпе-жекке Дерик Сантос, Гарри Кларк және Даниярдың әкесі Марат аға дайындап жатыр», - деді З.Әлиев.
Еске сала кетейік, жекпе-жек 13 қыркүйек күні Нью-Йорктің «Madison Square Garden» аренасында өтеді. Айқас он раундқа есептелген. Бокс кешінің басты жекпе-жегі америкалық Девин Хэйни (22-0, 14 КО) мен ресейлік Заур Абдуллаевтың (11-0, 7 КО) арасында өтеді.
Елеусінов соңғы кездесуін биылғы 25 мамырда АҚШ-тың Мэриленд штатында өткізген болатын. Ол төрешілердің шешімімен чилилік Лус Норамбуэнаны (3-4-1, 0 КО) жеңді.