Елеусінов олармен былтыр қаңтарда келісімшартқа қол қойған болатын, алайда көп кешікпей келісім бұзылған.
«Шындығында, сол промоутерлік компанияда шикіліктер болды. Бұл менің қателігім емес. Көңілдегідей болмаған соң, әуесқойлықта қалуды жөн көрдім. Егер сол кезде жақсы ұсыныс жасалғанда, мен соны қабылдаушы едім», - деп атап өтті Елеусінов.
Еске сала кетсек, Данияр наурыз айының басында Эдди Хирн басқаратын британдық Matchroom Boxing компаниямен келісімшартқа қол қойған болатын.