Ашық жаттығу 1 маусым күні BXR London залында өтеді. Басталуы астана уақытымен 19.00-де. Бокс кешінің өзі 6 маусымға жоспарланған. Оның хедлайнерлері - британдық Лоуренс Околи (8-0, 6 КО) мен Люк Уоткинс (13-0, 9 КО).
Жартылай орта салмақта өнер көрсететін Данияр Елеусінов оның андеркардында айқасады. Жекпе-жек алты раундқа есептелген. Оның қарсыласы әзірге белгісіз.
Еске салайық, Елеусінов кәсіпқой бокстағы алғашқы жекпе-жегін ағымдағы жылдың 28 сәуірі күні Нью-Йоркте өткізді. Үшінші раундта америкалық Ноа Кидті (3-1-1, 2 КО) техникалық нокаутпен жеңген болатын.