«Даниярдың екінші және үшінші кездесулері аймақтық белбеу үшін, ал екі жылда әлем чемпионы атағы үшін жұдырықтасады деп жоспарлап отырмыз. Мұндай таланты бар жігіттерді қорғаштаудың қажеті жоқ. Олардың кәсіби боксқа үлкен қадам жасауына мүмкіндік беру керек. Енді 18 айда Данияр бұл ортаға бейімделіп, екі жылда әлем чемпионы атанарына сенімім мол.
Данияр - өткір контрпанчер. Ол өте жылдам және ұлы боксшылар секілді өзіне сенімді. Ол ештеңеден қорықпайды», - деді менеджер Fightnews.com. сайтына.
Сондай-ақ, промоутер Елеусіновтің алғашқы кәсіби дебюты мамыр айында, Қытайда өтетінін мәлім етті.