27 жастағы боксшының менеджері Зия Әлиевтің айтуынша, Данияр 15 наурыз күні АҚШ-тың Пенсильвания штатындағы Филадельфия қаласында рингке шығады. Оның қарсыласы әзірге белгілі емес.
Еске сала кетейік, Елеусінов соңғы кездесуін 24 қараша күні Монте-Карлода өткізіп, никарагуалық Маркос Мохиканы үшінші раундта нокаутпен жеңген болатын.