«Данияр Елеусіновтың келесі кездесуі маусым айының шамамен 6-да өтуі мүмкін. Бұл мерзім әзірге нақты келісілген жоқ. Жекпе-жек Лондонда өтуі ықтимал»,-деген ақпараттарымен бөлісті менеджер.
Айта кетейік, Дэниел Джейкобс пен Матея Сулецкидің жекпе-жегінің андеркартында өзінің кәсіби рингтегі алғашқы кездесуін өткізген Олимпиада чемпионы Данияр Елеусінов қарсыласы Ноа Кидті (3-0-1, 2 КО) нокаутқа жіберіп, сенімді түрде жеңіске жетті.