«Оған чемпиондық атаққа таласу үшін 5 кездесу өткізу керек. Меніңше оның Джеф Хорнды жеңетін мүмкіндігі бар. Сондай-ақ Шон Портермен де жақсы кездесу болады деген ойдамын. Сонымен қатар Данияр Эррол Спенс, Теренс Кроуфорд сияқты жігіттірмен де күш сынасуға дайын»,-деп мәлімдеді Эдди Хирн.
Ал қазір Елеусінов 6 маусым күні Лондонда (Ұлыбритания) кәсіпқой рингте өтетін екінші жекпе-жегіне дайындалып жүр. Оның осы жолғы қарсыласы венгриялық боксшы Золтан Шабо (23-11, 10 КО).
Айта кетейік, Данияр Елеусінов кәсіпқой бокстағы алғашқы кездесуін 28 сәуір күні Нью-Йоркте (АҚШ) өткізіп, үшінші раундта америкалық боксшы Ноа Кидті (3-1-1, 2 КО) техникалық нокаутпен жеңді.