«Элеватор» карьерінің экологиялық тәуекелдері қандай

АСТАНА. KAZINFORM — Бүгін 2026 жылғы 22 мамырда Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар вице-министрі Мансұр Ошурбаев жұмыс сапарымен Қостанай облысына Жітіқара қаласына барды, деп хабарлайды ҚР Экология министрлігінің баспасөз қызметі.

Фото: ҚР Энергетика министрлігі

Жітіқара қаласына сапары аясында вице-министр өңір тұрғындарымен, үкіметтік емес ұйымдар мен жұртшылық өкілдерімен кездесу, сондай-ақ азаматтарды жеке қабылдау өткізді.

Кездесу барысында облыстағы экологиялық ахуал, «Элеваторный» карьерінің ашылуының экологиялық тәуекелдері, «Комаров тау-кен кәсіпорны» ЖШС қызметінің теріс әсері, атмосфералық ауа сапасы, қалдықтармен жұмыс істеу, өнеркәсіптік кәсіпорындардың қоршаған ортаға әсері және экологиялық бақылау мәселелері талқыланды.

Тұрғындардың өтініштері бойынша тиісті түсініктемелер берілді.

Кездесу барысында экологиялық мониторинг, өнеркәсіптік шығарындыларды бақылау, үздік қолжетімді технологияларды енгізу және қалдықтарды қайта өңдеу жүйесін дамыту бағытында жүзеге асырылып жатқан шаралар туралы ақпарат ұсынылды. Сондай-ақ экологиялық жүктемені азайту, өндірістік нысандарды жаңғырту, қалдықтарды басқару жүйесін жетілдіру және Қостанай облысындағы қоршаған орта сапасын жақсарту мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Осыған дейін Екібастұздың ірі электр станциялары қысқа дайындалып жатқаны туралы жаздық.