«Елігай» балалар хоры Қытайдағы халықаралық фестивальде алтын жүлде иеленді

АСТАНА.KAZINFORM - К.Байсейітова атындағы Қазақ ұлттық өнер университетінің «Елігай» балалар хоры Гонконг пен Шэньчжэнь қалаларында өткен II Халықаралық хор фестивалінде алтын жүлдені жеңіп алды.

Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі

Байқау қорытындысы бойынша өнерпаздар «Хор ұжымы» аталымында ең жоғары ұпай жинап, Gold Award марапатына ие болды. Хордың көркемдік жетекшісі әрі дирижері – Әсем Есенова.

Жас өнерпаздар кәсіби шеберлігін танытып, шығармаларды әсерлі жеткізу мәнерімен ерекшеленді.

Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі

Мәдениет және ақпарат министрлігі мәліметінше, орындаушыларға Австралия, Италия, Германия, Беларусь, Қытай, Таиланд, Қазақстан және өзге де елдердің белгілі дирижерлері, композиторлары мен педагогтерден құралған халықаралық қазылар алқасы баға берді.

Фестиваль 2026 жылғы 12-17 шілде аралығында өтіп, оған әлемнің оннан астам елінен келген хор ұжымдары мен музыка саласының мамандары жиналды.

Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі

Айта кетейік, Жанар Дұғалова Астана күніне арналған концертте оқушылармен бірге ән айтты.