Елге электромобиль әкелетіндер заңды айналып өтіп, 100 млн теңге салық төлемеген

Фото: Pexels

Әлемдік тенденция, техникалық сипаттама және электромобиль әкелу кезінде мемлекеттік төлемдерден босату оларға деген сұраныстың артуына әкелді, деп хабарлайды Kazinform.

​Мұндай преференцияны қолданудың негізгі шарты — жеке пайдалану үшін жылына тек 1 машина әкелу.

​Алайда іс жүзінде электромобильдер жеке пайдалану үшін рәсімделгенімен кейіннен қайта сатылуға әкелінген, оның ішінде 8 автосалон да сөйткен. 

​Тек Алматы бойынша көлік прокурорлары осындай 34 қайта сату белгілерін анықтаған, онда мемлекеттің болжамды шығыны 100 млн теңгеден асады.

​Мұндай жағдайда мемлекеттік қазынаға зиян келтіруден басқа, салауатты емес бәсекеге жол берілген, бұл көбіне адал бизнестің банкрот деп танылуына әкеледі.

​Бұл — электромобильге қатысты кеден саласындағы жалғыз мәселе емес.

​Мемлекеттік кіріс органдары оларды кедендік тазарту кезінде заңнаманың біркелкі қолданылуын қамтамасыз етпейді.

Мысалы, «Li Auto» (Li 7 және 9) маркалы автокөлік. Уәкілетті органның ұстанымына сәйкес бұл көлік электромобиль болып табылады.

​Осындай ретпен 141 бірдей автокөлікке кеден өкілдерімен және декларанттармен 7 жағдайда гибрид коды қолданылған.

Бұның өзі бюджетке шамамен 80 млн теңгенің негізсіз төленуіне және сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардың құқықтарының бұзылуына әкеп соқтырған.

Ал кеден органдары кемшілікті жою шараларын уақтылы қабылдамаған.

Бүгінгі күні көлік прокурорының енгізген ұсынысы бойынша мұндай тәжірибені жою және декларанттарға (гибрид ретінде ресімделген автомашиналардың меншік иелеріне) ақшасын қайтарып жатыр. 

Сондай-ақ, кінәлі қызметкерлерді тәртіптік, ал кеден брокерлерін әкімшілік жауапкершілікке тарту мәселесі қарастырылып жатыр. 

Қылмыс белгілері бар жекелеген материалдар қылмыстық қудалау органдарына жіберілді.