«Елден қаражаттың заңсыз шығарылуына қарсы пәрменді шаралар қабылдау маңызды міндет болып отыр. Үкімет тиісті заң жобасын әзірлеуде. Осы заң жобасының ережелерінде заңсыз әкетілген капиталды қайтару жөніндегі барлық рәсімдерді регламенттеу қажет», - деді ол.
Премьер-Министр капиталды елден әкетуге жол ашатын себептер мен жағдайларды жою керектігін еске салды.
«Елге капиталды қайтаруды ынталандырудың нақты тетіктерін әзірлеу қажет. Наурызда заң Парламент Мәжілісіне енгізілуі керек», - деді Әлихан Смайылов.