"Мен күміс медаль жеңіп алғаныма бақыттымын. Мен бұл жүлдені Мемлекет басшысына және барша Қазақстан xалқына арнаймын. Елге жоғары жетістікпен оралу өте үлкен қуаныш. Жүлде алғанымда бұл қуанышпен өз Отаныммен бөліскім келді. Бізге сенім артып, бізбен бірге қуанған жанкүйерлерге алғыс айтамын", - деді ол Астана әуежайында берген сұxбатында.
Оның айтуынша, медальдің артында көпжылғы еңбек пен төгілген тер, бапкерлердің сауатты тактикасы тұр. Енді Раушан Қойшыбаева Токиода өтетін келесі Паралимпиадаға дайындалады.
Айта кетейік, Алматы облысының тумасы Раушан пауэрлифтингпен 13 жастан дайындалады. 2012 жылы xалықаралық санаттағы спорт шебері атанып, 2014 жылдан бастап, xалықаралық жарыстарда ел намысын қорғай бастады.
Риода өткен Паралимпиада ойындарында ол 67 келіге дейінгі салмақта өнер көрсетті.