Елге тауар импорттаушылар кедендік төлемдерден қалай жалтарады

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Мемлекеттік кірістер органы жұмысының басымдылығы көлеңкелі экономикаға қарсы іс-әрекет, оның ішінде әсіресе Қытайдан импортталатын мәлімделген тауарлардың шынайылығын қамтамасыз ету болып табылады.

Ағымдағыжылдың басынан бастап «АСТАНА-1» Ақпараттық жүйесінде бағаға қатысты ақпараттыавтоматты түрде іздеу модулі іске қосылды. Мұнда бағалық ақпарат бағдарламаменЕуразиялық экономикалық одақтың барлық аумағы бойынша ресімделген біртекті жәнебірдей тауарлардың қорын мониторингілеу жолымен ұсынылады.

«Дегенмен,кедендік тазартудың барлық процестері автоматтандырылғанына қарамастан,дәйексіз декларациялау жолымен кедендік төлемдер мен салықтардың тиесілісомасын төлеуден жалтару фактілері кездеседі», - деп хабарлады ҚР Қаржыминистрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті Кедендік әдіснама департаменті Кедендікқұн және тарифтік реттеу басқармаcының басшысы Серік Суменов.

Оныңайтуынша, жыл басынан бері кедендік құнды бақылауды күшейтудің есебінен қосымша10,1 млрд теңге кедендік төлемдер мен салықтар өндірілді. Олардың 4,9 млрдтеңгесі ҚХР-дан әкелінген тауарлар бойынша өндірілген.

«Тауарайналымын талдау және декларациялаудың деректер қорының мониторингі адал емес сыртқыэкономикалық қызметке қатысушылардың тауарлардың салмағы мен санын айла-амал жолыменкедендік төлемдер мен салықтарды төлеуден жалтару бойынша шаралар қолданатынын көрсетті» - деді Суменов.

Мәлім етілгендей,кедендік әкелу баждарының кейбір ставкалары тауардың салмағына не санынабайланысты болып келеді.

Сонымен, мониторингжүргізудің нәтижесінде мынадай фактілер анықталды: әйелдер туфлиі декларацияда 1жұбы үшін 3 келі болып көрсетілген. Сондай-ақ ерлер галстугінің 1 данасы 65,6 келі,кубик-рубик ойыншығының 1 данасы 15,1 келі салмақ тартатыны жазылыпкөрсетілген.

«Қазіргіуақытта, аталған сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларға қатысты кедендіктөлемдер мен салықтардың тиесілі сомасын қосымша есептеу мақсатында барлыққажетті бақылау іс-шаралары жүргізілуде. Сондай-ақ, болашақта аталған СЭҚҚ-ментауарларды кедендік ресімдеу кезінде «АСТАНА-1» АЖ-дағы жасыл дәлізді қолдануғажол берілмейді. Жоғарыда айтылғандардан бөлек, аталған СЭҚҚ-ларға қатысты кедендікжәне салықтық бақылаудың барлық қажетті шаралары қолданылатын болады.

Шынайыдекларациялауды және тауарлардың кедендік құнын бақылауды қамтамасыз етуМемлекеттік кірістер комитеті қызметінің басты басымдығының бірі болып табылатынынатап өту қажет. Және бұл бағыттағы жұмыс жалғаса береді», - деп қосты С.Суменов.

Соңғы жаңалықтар