«Газдың ресурстық базасын ұлғайту есебінен энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге және газ саласының тұрақты дамуына қол жеткізіледі. Тауарлық газ өндірісі 2026 жылға қарай жылына 27 миллиард текше метрге дейін өсетін болады», - делінген «Ашық» НҚА порталында жарияланған құжатта.
Айта кетейік, бұған дейін тиісті қаулымен алдағы 3 жылда тауарлық газ өндірісінің көлемін 35 млрд текше метрге дейін ұлғайту бекітілген еді. Енді жаңа өзгеріске сай бұл меже 8 млрд текше метрге дейін қысқарып, 2026 жылға қарай 27 млрд тауарлық газ өндіру жоспары қойылып отыр.
Құжатты ашық талқылау 20 қаңтарға дейін жалғасады.