«Халық пен экономикалық өсу энергияның жаңа және қолжетімді қорларын беруге деген энергетикалық өнеркәсіптің қабілетін сынайтын болады. Бұл климаттың өзгеруінің салдары ауырлай түсетін кез. Энергетикалық қауіпсіздік пен экологиялық орнықтылық ығыттарының энергетикалық ландшафтты өзгертетіні сөзсіз. Және оларды еңсеру жаһандық жұмылуды қажет етеді», - деді Кәрім Мәсімов.
Премьер-Министрдің айтуынша, Қазақстан «осы проблемалардың ортақ шешімін табуға талпынуда». Бұл жерде Қазақстанның экологиялық орнықты өсу мен дамуды ілгерілетуге деген әзірлігі туралы сөз болып отыр. Еліміз экономиканың энергетикалық тиімділігін жақсарту жөніндегі технологияларды ұсынуда. Тамыз айында Үкімет өнеркәсіптің энергия қамтымын 2015 жылға қарай 10%, онжылдықтың соңына қарай 25% азайтуды мақсат еткен «Энергия үнемдеу және энергия тиімділігі туралы» Заң қабылдады.
Қосымша ақпараттармен http://www.pm.kz сайтынан танысыңыздар.