Бұл туралы бүгін Ақордада Қазақстанға жаңадан тағайындалған бірқатар шетел елшісінен Сенім грамотасын қабылдаған Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев айтты.
Мемлекет басшысы өз сөзінде түрлі сала бойынша Қазақстан мен Катар мемлекеті арасындағы өзара іс-қимылдардың даму қарқынына көңіл толатындығын, әрі екі ел арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастардың орнағанына 20 жыл толғандығын баса айтты.
«Осы жылдар ішінде біз Катар арқылы Таяу Шығыс өңірінде Араб және мұсылман әлемінде сенімді әрі сындарды серіктес таптық деп ойлаймыз»,-деді Н. Назарбаев.