АСТАНА. ҚазАқпарат – Қазақстандықтар Андрей Голубев пен Александр Недовесов жұптық сында Кордоба (Аргентина) ATP 250 турнирінің жартылай финалына шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Жарыстың 4-ракеткалары болып тіркелген қазақстандық жұп топырақ төсенішінде өтіп жатқан додада алдымен бразилиялық Марсело Мело – португалиялық Жуан Соузаны 6:2, 7:5 есебімен тізе бүктірді.
А.Недовесов – А.Голубев ширек финалда аргентиналықтар Гвидо Андреоцци – Гильермо Дюраннан айласын асырды – 3:6, 6:3, 10:6.
Бір сағат 24 минутқа созылған бәсеке барысында қазақстандықтар 2 эйс жасап, 6 брейк-пойнттың біреуін пайдаланды.
А.Голубев пен А.Недовесов финалға шығу үшін турнирдің екінші ракеткалары, аргентиналықтар Максимо Гонсалес – Андрес Мольтенимен таласады.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Дэвис кубогінде Қазақстан құрамасының сырт алаңда Болгариямен кездесетінін жазған болатынбыз.
Сондай-ақ Елена Рыбакина Доха турниріне қатыспайтын болды.
Елена Рыбакина Әбу-Даби турнирінің жартылай финалына шыға алмады.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).