Еліміз тыныш, жастар аман болсын - Ж.Сәрсембиев, Ұлы Отан соғысының ардагері, БҚО

ОРАЛ. ҚазАқпарат - Бүгін Батыс Қазақстан облысында Ұлы Отан соғысының ардагерлері де дауыс беріп, өз таңдауларын жасады. Соның бірі - Қазталов ауданы Жалпақтал ауылында тұратын майдангер Жұмат Сәрсембиев.

Жасы 93-ке келгеніне қарамастан, ақсақал ерте тұрып, сайлау учаскесіне келіп, алғашқылардың қатарында дауыс берді.

«Сайлау учаскесі мерзімінде ашылып, бәрі ойдағыдай басталды. Сайлау заңға сәйкес өтуде. Халықтың белсенділігі жоғары. Біз сұрапыл соғысты, одан кейінгі қиыншылықты көрдік. Еліміз ата-бабаларымыз аңсап өткен азаттыққа қол жеткізді. Осының өзі - үлкен бақыт. Жұртымыз тыныш, жастар аман болсын», деді ардагер.