Елімізде 1,4 млн адамның мойнында салық берешегі бар

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстанның қарапайым азаматтары салық органдарына 14 млрд теңге берешек. Бұл туралы ҚР Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы Марат Сұлтанғазиев орталық коммуникациялар қызметінде мәлім етті.

МаратСұлтанғазиевтің айтуына қарағанда, бүгіннен бастап жеке тұлғалар үшін салықтық рақымшылық туралы заң күшінеенген

«Бүгінненбастап жеке тұлғалар үшін салық рақымшылығы туралы құжат күшіне енді. Яғни,салық бойынша берешегі бар азаматтар негізгі берешек сомасын төлеу арқылы,өсімпұлдардан құтыла алады. Рақымшылық жыл соңына дейін жалғасады», - деген комитет төрағасы елімізде 1,4 млн. адамның салық берешегі бар екенінжеткізді.

«Жаңағы 1,4млн адамның негізгіберешегі 14 млрд теңгеден асады. Ал өсімпұл көлемі - 6,5 млрд теңге. Рақымшылық арқылы осы 6,5 млрд теңге өсімпұлды кешіру көзделген.Заңды тұлғаларға келер болсақ, шағын және орта бизнестің 90 мыңнан астамнысанында салық берешегі болған. Қазір соның 46 пайызы негізгі берешегін өтеді.18 мың нысанның салық берешегін қайтаруы екіталай. Көбі банкротқа ұшырағаннемесе қиын жағдайға тап болған», - деді Марат Сұлтанғазиев.

Соңғы жаңалықтар