«1,5 млн ауыл халқы медициналық сақтандырумен қамтылмаған. Бұл мәселені шешу үшін қала мен ауыл тұрғындары арасындағы медициналық көмекке қол жетімділік теңсіздігін қысқарту мақсаты тұр.
Сол үшін, биыл ауыл тұрғындарын, оның ішінде бірінші кезекте балаларды кешенді профилактикалық тексеруден өткізу басталады.
Екіншіден, 2025 жылға дейін ауылдық жерлерде 420 медициналық мекеме салу, ауылдық дәріхана пункттерін құру жүзеге асырылады», - деді Ералы Тоғжанов.
Соныдай-ақ, ол ана мен бала денсаулығын қорғау мәселелерін нақты шешу үшін 20 ауданаралық перзентхана, 17 диагностикалық орталық ашылатынын атады.
«Кадр тапшылығын азайту мақсатында дәрігерлердің орта медицина қызметкерлерінің жалақысы көтерілді.
2022 жылы тапшы мамандықтар бойынша гранттар саны 43%-ға ұлғайтылды және медицина қызметкерлерінің жауапкершілігін сақтандыру көзделіп отыр. Осы шаралар нәтижесінде 2025 жылға қарай ауылдық елді мекендерді консультациялық-диагностикалық көмекпен қамту 47 ден 100%-ға дейін жеткізіледі», - деді Премьер-Министрдің орынбасары.
Сондай-ақ, Ералы Тоғажнов Мәжілісдепутаттарына инфлияцияны тежеу бағытындағы шаралар туралы мәлімет берді.
Оның мәліметі бойынша, биыл зейнетақы мен жәрдемақыны индекстеуге қосымша 111 млрд теңге бөлінеді.