Елімізде 1 731 адам коронавирустан емделіп жатыр

АСТАНА. ҚазАқпарат – Өткен тәулікте Қазақстанда 60 адамнан коронавирус анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Telegram каналына сілтеме жасап.

10 наурыздағы мәлімет бойынша, 1 731 адам коронавирус инфекциясынан (–1 553 және 178 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 132 пациент стационарда, 1 599 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ , КВИ- шалдыққандардың арасында:

• 2 адамның жағдайы ауыр,

• 3 пациенттің жағдайы өте ауыр,

• 2 науқас жасанды тыныс алу аппаратында жатыр.