«Ауылдардың сумен жабдықталуына мониторинг жүргізу мақсатында интерактивті карта әзірлеп, іске қостық. Онда көптеген параметрлер бойынша нақты жағдай көрсетілген. Орталық және жергілікті атқарушы органдар арасындағы құзыретті бөлу бойынша заң жобасы әзірленді», - деді министр.
Оның атап өтуінше, тізбені бекіту функциясын, сондай-ақ ауыз суға төлем мөлшерін әзірлеу нормаларын бекітуді жергілікті атқарушы органдарға беру жоспарланған.
«Заң жобасында көрсетілген шараларды іске асыру мынадай мүмкіндіктер береді: салынған оқшау жүйелерді тізбеге енгізуді жеделдетеді; өңірлерге ауыз сумен жабдықтауға арналған субсидияны бөлу мен алуды тездетеді; облыс бойынша орташа тариф пен өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуын ескере отырып, 1 текше метр ауыз су үшін халықтың төлемін реттейді», - деді Бейбіт Атамқұлов.