Елімізде 107 науқас жасанды тыныс беру аппаратына қосылған

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елімізде жағдайы ауыр 107 науқас өкпенің жасанды желдету аппаратында жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.

«29 қазандағы мәлімет бойынша 48 742 адам коронавирус инфекциясынан (42 907 КВИ және 5 835 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 8 435 пациент стационарда, 40 307 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда. КВИ , КВИ- шалдыққандардың арасында: 587 адамның жағдайы ауыр, 154 пациенттің жағдайы өте ауыр, 107 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр», делінген хабарламада.