АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Қазақстанда 2019 жылы 16 мыңнан астам адам балаларын вакцинациялаудан бас тартты. Дәрігерлер мұндай ата-аналардың көбейгенін айтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«2019 жылдың қорытындысы бойынша, 16998 адам балаларына екпе салудан бас тартты. Біріншіден, бұл бір жасқа дейінгі балалардың ата-аналары (65%). Соңғы жылдары діни себептерден бас тартатындардың саны азайып келеді. Бұрын бұл көрсеткіш 50% -ды құраса, бүгінгі таңда 30% – ға төмендеді «, – дейді ҒТО санитарлық-эпидемиологиялық сараптама және мониторинг бөлімінің бастығы Айнагүл Қуатбаева.
Оның айтуынша, вакциналаудан бас тарту кейде азаматтардың бұрмаланған ақпаратқа сенуінен де орын алады.
Алма Мұқанова
Алма Мұқанова Т. Жүргенов атындағы өнер академиясының «Кино және Телевизия» факультетінің түлегі. Журналистика саласында 20 жылдан бері еңбек етіп келеді. Аймақтық, республикалық телеарналарда түрлі қызметтер атқарған. 2019 жылдан бері - ҚазАқпарат агенттігінің тілшісі. ҚР Журналистер одағының мүшесі.