«Соңғы 5 жылдағы талдау нәтижесі көрсеткендей, өндірістік жарақат алу негізінен көмір және тау-кен саласына тиесілі. Бұл республика бойынша қауіпті өндірістік объектілердегі жазатайым оқиғаның 30%-дан астамын құрайды. Сондықтан да өнеркәсіптердегі қауіпсіздік шарасы күшейтіп, құқықтық тәртіпті нығайту бойынша жұмысты жалғастыру қажет», - дейді ол.
Оның айтуынша, биыл жыл басынан бері өнеркәсіп орындарында 1 306 тексеру жүргізілді.
«Оның ішінде ерекше тәртіп бойынша 713 және 593 жоспардан тыс тексеру жүрді. Осылайша барлығы 16 385 объект тексеруден өтті. Инспекторлардың міндеті өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарын бұзу жағдайларын анықтау. Сонымен қатар қауіпті өндірістік объектілерде апаттың алдын алу. Тексеру қорытындысында өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарын бұзу бойынша 20 402 факті анықталды», - дейді ол.
Бұған дейін хабарлағанымыздай биыл жыл басталғалы өнәркәсіп орындарында 6 адам қайтыс болды.
Сондай-ақ, брифингіде қауіпсіздік талаптарын өрескел бұзған 582 өнеркәсіп жұмысының тоқтатылғаны айтылды.